Бірікпеген елдердің ақпараттық агенттіктерінің пулы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірікпеген елдердің ақпараттық агенттіктерінің пулы (News Agendas Pool of Non Aligned Countries, Pool des Pays NonAlignes) – бірікпеген 94 елдің ақпараттық агенттіктерін біріктіретін ұйым<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.


Пул 1975 жылы сынақ түрінде ТАНЮГ (Белградта) өз кызметін бастады. 1976 жылы Делиде бірікпеген елдердің ақпарат агенттіктері басшылары мен Сыртқы істер министрлігінің конференциясында Пулды ашуға ресми шешім қабылданды. Пулдың Жарғысы 1976 жылы тамызында Коломбода бірікпеген елдер басшыларының V конференциясында бекітілді. Жарғы негізінде Пул өз жұмысын "нақты деректерге сүйене отырып, бірікпеген елдер ұйымына мүше елдермен достастықты күшейту, олардың ұлттық мәдени құндылықтарын мадақтау, жаңа әлемдік ақпарат беру тәсіліне сүйене отырып ақпарат беру және отаршылыққа қарсы күресті ұйымдастыру" негізінде жүргізеді. Бұл елдердің ақпарат агенттіктеріндегі техникалық топ пен кәсіби тілшілерді дайындауда Пул курстар мен семинарлар ұйымдастырады. 

Пулдың жоғарғы ұйымы 3 жылда бір рет бірікпеген елдердің ақпарат министрлігі мен ақпарат агенттіктерінің басшыларынан шақырылатын Бас конференция. Ол 32 ел ақпарат агенттіктеріне мүше ПАНА Жалпы африкалық ақпарат агенттіктеріне және Пулға мүше елдердің Координациялық комитетте жүргізілетін Бас конференциясы тұсында Пулға басшы сайлайды. Бір жылда кемінде бір рет шақырылатын Координациялық комитет Пулдың Жарғысына сәйкес Төраға тағайындап, Бас Конференцияның жүргізілуін ұйымдастырып, ақпарат агенттіктеріне басшылық жасайды.

IV Бас конференция Гаванда 1986 жылы өткізілді. Координациялық комитет пен Пул ЮНЕСКО-мен, БҰҰ-мен және олардың арнайы мекемелерімен бірлесіп кызмет атқарады. 1985 жылы Пулдың экономикалық ақпарат кызметі ЭКОПУЛ (50дей ақпарат агенттік бірлескен) жұмысын бастады. 9 ақпарат агенттіктері Пулдың аймақтарда ақпараттарды жинау және тарату кызметін атқарады: ТАНЮГ (Белград), ПТИ (Дели), Пренса Латина (Гавана), ТАП (Тунис), ИНА (Багдад), МЕНА (Каир), МАП (Рабат), Антара (Джакарта), АПС (Дакар). Тұрақты штаб-пәтері жоқ.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}