Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (юнеско) – БҰҰ жүйесіндегі мамандандырылған мекеме<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.


1946 жылы 16 қарашада құрылды. Ұйым Бас Конференциядан, Атқару кеңесінен, ұлттық комиссиялардан, аймақтық құрылымдардан және Хатшылықтан тұрады. Жұмыс ағылшын, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде жүргізіледі. ЮНЕСКО-ның қаржысы мүше мемлекеттердің жарнасынан құралады. Штаб-пәтері Парижде.

ЮНЕСКО-ның мақсаты

Білім беру, ғылым және мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастықты қолдау. Заңдылық пен әділеттілікті сақтау және БҰҰ-ның Жарғысына сай нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан адам құқықтарын оның негізгі бостандықтарын құрметтеу арқылы бейбітшілік пен кауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосу.

Негізгі міндеттері

БАҚ-тың көмегімен өзара түсіністікті нығайту, халықтың білім алуын қолдау және мәдениет пен білімді тарату және тереңдету.

ЮНЕСКО-ның негізгі серіктестері

Ұлттық комиссиялар, БҰҰ жүйесіндегі органдар мен инттар, мемлекеттік емес ұйымдар мен қорлар болып табылады. Ұйымға (ЮНЕСКО-ға) 183 ел мүше және 3 ассоциациялық мүше мемлекеттер кіреді. Бұл ұйымға Қазақстан Республикасы 1992 жылы 22 мамырда мүше болды.

1994 жылы ЮНЕСКО Қазақстанда өз өкілеттілігін ашты. Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ның бағдарламаларына катысып, Азия мен Океания халықтарының "Білім барлығы үшін" бағдарламасын қолдады, "Қоршаған ортаны жан-жақты зерттеу және Каспий маңы аймағындағы су дағдарысын шешу", т.б. мәселелерді көтерді. ЮНЕСКО қолдауымен Абайдың, М.Әуезовтің, Қ.Сәтбаевтың мерейтойлары өткізілді, Түркістан қаласының негізінің қалануына 1500 жыл толуын атап өту жөнінде шешім қабылданды (1998).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}