Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқылары жөніндегі конференциялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біріккен Ұлттар Ұйымыны адам құқылары жөніндегі конференциялары, жеке тұлғалардың (адамдардың) құқықтары мен бостандықтары жөніндегі мәселелерді қарайды. Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы 1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілді (қ. Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы). Соңғы 50 жыл ішінде әлемнің түпкір-түпкірінде болып жатқан аймақтық соғыстар, табиғи және экологиялық апаттар, нашақорлық, қарақшылық, жұмыссыздық — бәрі қосылып адам факторына келіп тіреледі. Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы адамды түріне, тіліне, саяси немесе діни сеніміне, ұлттық немесе әлеум. жағдайына, жынысына қарамастан тең құқықты санайды. Алайда осы қағидалар жекелеген мемлекеттер, мемлекеттің қайраткерлер тарапынан жиі бұзылады. Сол себептен БҰҰ бұл мәселені үнемі өз назарында ұстап, кезекті конференцияларында қарап отырады. 1968 жылында өткен Тегеран конференциясы Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы қабылдануының 20 жылдығына арналды. Оған 84 елдің делегациясы қатысып, көптеген мәселелер қаралды. Келесі конференция араға 25 жыл салып, 1993 жылының 1 маусымда Вена қаласында өтті. Онда төмендегі мәселелерге баса назар аудару қажет деп шешті:

  1. Дүние жүзі бойынша адам құқы бұзылуын болдырмау үшін жан-жақты бақылауды күшейту қажет;
  2. Адам құқы бұзылған жағдайда БҰҰ тез арада нақты шара қолдану үшін адам құқы жөніндегі бірінші Жоғарғы комиссарды тағайындайды;
  3. Бейбітшілікті сақтау миссиялары аттандырылған кезде бірінші кезекте адам құқы мен демократия нормалары қорғалуы тиіс.

Бұған қоса дамушы елдердегі сауатсыздықпен, аштықпен және кедейшілікпен күрес, босқындардың мүддесін қорғау қазіргі таңда дүние жүзіндегі ең басты проблемалардың бірі болып қалып отыр.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы 2 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Біріккен Ұлттар Ұйымы


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқылары жөніндегі конференциялары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}