Біріккен араб әмірлігінің спутниктік теледидары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біріккен араб әмірлігінің спутниктік теледидары – БАӘ-нің жеті әмірлігінде өз хабар тарату арнасы бар теледидар<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.


Қазіргі кезде елде төрт спутниктік арна жұмыс істейді. Отан елеулі қаржы кетеді. 1992 жылы Әмірлікте араб дүниесіндегі бірінші Dubai спутник арқылы тәулік бойы хабар тарататын арна құрылды. Оның хабарларының 70%-ы араб, 30%-ы ағылшын тілдерінде трансляцияланады. Бұл арна казіргі заманғы коммуникациялық технологиямен жабдықталып, араб космостық теледидарының неғұрлым беделді кызметіне айналды. 1993 жылдан бастап арнаның хабарларын бүкіл Еуропа көре алады.

Еуропалық телеаудиторияға шығуды EUTELSAT2-F1 спутниктік байланысы қамтамасыз етті. GALAXY-7 және INTELSAT K-H14 спутниктерінің коммуникациялық мүмкіндіктері аркасында әмірліктің басты спутниктік арнасы өзінің дабылын американ құрлығына тарта алады. Арнаның хабарларын бес құрлық түгел көре алады. Спутниктік хабар тарату аймағының көлемі бойынша Dubai тек қана CNN-нен қалыс қалады. Қазіргі кезде бұл арна көрермен үшін бәсекелеседі. Dubai бүкіл арабтық спутниктік кызметке айналуды және әлемдік аудиторияны жинауды алдына мақсат етіп отыр.

Бұл арна ақпараттық және публицистік бағдарламаларды ұсына отырып, батыс телеқызметтерін ықпалынан арылтуға күш салады. Хабар таратуда жарнамаға да орын беріледі. Араб космостық кызметі арасында жарнамадан түсетін табыс жөнінен бесінші орынды иеленеді. Біріккен Араб Әмірлігінде Abodabi екінші спутниктік арнасы өз кызметін 1992 жылдан бастады, хабарларын ARABS AT А1 спутнигі арқылы трансляциялайды. Оның хабарлары араб әлемін қамти отырып, Еуропаның оңтүстігіне, Африканың солтүстігі мен орталық бөлігіне дейін жетеді. Абу-Дабиден берілетін ақпараттық, драмалық, бағдарламалар, көркем фильмдер мен спорт хабарлары 7 сағат бойы жүргізіледі. Әмірліктің бағдарлама саясаты араб мәдениетін дамыту, аймақтағы мәселелерді бірлесе шешу, бүкіл араб әлемін біріктіруді көздейді. Бұл арнаның шетелдерде өз тілшілері бар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}