Біріккенжақтылар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біріккенжақтылар. Бұларға көбінесе теңіздерде, әсіресе тропикгік теңіздерде жиі кездесетін балықтардың азғана тобы жатады. Олардың жақаралық және жоғарғы жақ сүйектері өсіп, соның нәтижесінде жақты “тұмсық” қалыптасқан. Тістері қашау, немесе пластинка тәрізді болады. Бұлардың тістері шаян тәрізділердің, моллюскалардың бақалшақтарын ұстауға бейімделген. Денесі ірі қабыршақтармен немесе сүйекті пластинкалармен қапталған. Мұндай сүйекті сауыт олардың денесін сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды. Кейбір түрлері жағалауға жақын жерлерде тіршілік етеді. Нағыз өкілдері: ине кұрсақтылар (Теtгоdіоп һіsріdіиs) мен кузовкалар (Оstтасіопgиаdгісогnis) <ref>«Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы</ref>

Дереккөздер

<references/>