Бірлік Туы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
"Бірлік туы (بىرلىك تۋى)"– алғашқы қазақ басылымдарының бірі. 1917 ж. 24 маусымнан 1918 ж. сәуір айының ортасына дейін Ташкент қаласында аптасында 1 рет шығып тұрған. Негізін қалаушы әрі алғашқы редакторы — Мұстафа Шоқай. Газетті шығару ісіне Қ. Болғанбаев пен С. Қожанов тікелей атсалысты. Газет 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай, сондай-ақ, ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы хабарларды жариялап, елді бірлікке шақырып, азаттық жолындағы күрестің жаршысы болды. Газет қазақтардан басқа, қырғыз, өзбек, татар, т.б. түркі халықтарының арасына кеңінен тарады. 1917 ж. тамызда өткен Түркістан өлкесі қазақ-қырғыз съезі баспасөз туралы мәселе бойынша “жаңадан шыға бастаған “Бірлік туы” барша қазақ-қырғызға ортақ болсын” деген қаулы қабылдаған. “Бірлік туы” Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметіне қолдау көрсетіп, бұл жөнінде “Түркістан автономиясы”, “Бостандық һәм автономия”, “Қоқан шаһарында болған жалпы мұсылман съезінің қаулылары”, “Сырдария қазақ-қырғыз съезі” деген мақалалар жариялады. “Бірлік туы” кеңестік биліктің Түркістан өлкесінде орнығуына наразылық танытып, оның таптық негізді басшылыққа алған саясатын сынайтын “Кім дос, кім қас?”, “Өзіміздің большевиксінгендерге”, “Қазақ халқының дұшпандары”, “Тұла бойы қан сасиды”, “Қоқан қырғыны”, “Мұстафа хаты”, т.б. мақалалар жариялаған. Газет кеңес өкіметі тарапынан қысымшылық көріп, жабылды. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}