Бірлескен меншік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірлескен меншік — ортақ меншіктің бір түрі, мұнда меншік иелерінің үлестері белгіленбейді. Егер өзара келісімде өзгеше көзделмесе, Бірлескен меншікке қатысушылар ортақ мүлікті бірлесе иеленіп пайдаланады. ҚР Азаматтық кодексінің 20-бабында арнайы мәмілені қайсысы жасағанына қарамастан, Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушының келісімімен жүзеге асырылатыны көзделген. Егер келісімде басқаша көзделмесе, Бірлескен меншікке қатысушылардың кез келгені ортақ мүлікке билік ету жөнінде мәміле жасауға қақылы. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес ортақ мүлікті иеленушілер арасында бөліске салу немесе әрқайсысының үлесін бөліп шығару олардың Бірлескен меншіктегі үлесі алдын ала анықталған реттерде ғана жүзеге асырылады. Егер арнаулы құжаттарда алдын ала көрсетілмесе, онда Бірлескен меншікке қатысушы тараптардың ортақ мүлікте үлестері жоқ болып есептеледі. Әдетте, Бірлескен меншіктің мынандай түрлері: ерлі-зайыптылардың, шаруа қожалықтарының, сондай-ақ, жекешелендірілген үйдегі тұрғындардың ортақ меншіктері болуы мүмкін. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бірлескен меншік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}