Біркелы биік лақса

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біркелы биік лақса - күрделі гүлдер тұқымдасына жататын көп Біркелкі биік лақса жылдық шөптесін өсімдік. Таудың ең төмен белдеуіндегі қойтасты беткейлері мен ашық жерлерінде өседі. Сөгеті өзенінің сағасында, Алмалысай, Қырғыз Алатауының батыс сілемінде ұшырасады. Биіктігі 15 см, тамырсабағы жуан, сабағы тік, бұтақтанбайды. Жапырақтары қалың сопақшалан пішінді, жиектері жіңішке тікенекті, тіс тәрізді иректелген. Гүлі көк түсті, ұсақ себетгүлдері шоғырланып, домалақ шоқпарбас гүлшоғырына жиналған. Тұқымынан көбейеді. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі — көп қырлы айдаршалы тұқымша, айдаршасы түп жағынан бірігіп кеткен, желмен ұшып таралады. Біркелкі биік лақса — өте уды өсімдік, мал жемейді. Жемісінің құрамында эхнопсин деген ұлы алколоид бар. Тұқымының құрамында 28% -ке дейін тез кебетін май бар.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біркелы биік лақса|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}