Біржасушалы жануарлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Біржасушалы жануарлар.jpeg
Талшықты, біржасушалы жәндіктер

Біржасушалы жануарлар - денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларда кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік ететіндері де бар.

Жай көзге көрінбейтін қарапайым жануарлардың бар екені XVII ғасырға деін ғылымда белгісіз болды. 1665 жылы өзі жасаған микроскоп арқылы голландиялық ғалым Антони ван Левенгук аталық жыныс жасушасын зерттегеннен кейін ғана қарапайым жәндіктердің түрлері ашыла бастады. Қазіргі кезеңде қарапайымдардың 70 мыңға жуық түрі белгілі. <ref>Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы, өңделген, толықтырылған. — Алматы: Атамұра,2011. — 208 бет. ISBN 978-601-282-245-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер