Білеулі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Білеулі, Белеулі — Үстірттің орта тұсындағы мәдени-тарихи кешен. Бозстан (Қарақалпақстан) станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде. Білеулі — 14 ғ-да белгілі керуен сарайларымен аты шыққан ескі Ноғай жолы бойындағы маңызды ескерткіш. Кешенді 1946, 1950 ж. С.П. Толстовтың, 1972, 1975 — 78 ж. В.Н. Ягодин мен Ю.П. Маныловтың, 1979 ж. Т. Жанысбековтың, 1988 ж. С. Әжіғалиевтің жетекшілік етуімен ұйымдастырылған экспедициялар зерттеген. Атауы А.И. Левшиннің айтуынша, “Білеулі ата” деген жергілікті әулиенің атына немесе осы жерден шығатын білеу тасқа (қайрақ тас) байланысты алынуы да мүмкін. Кешенге керуен сарайдың негізгі ғимараты, оның маңайындағы құдықтар, ауыз су сақтайтын сардобтардың орны, кейінгі кезеңдегі қазақ бейіттері, сондай-ақ, солтүстікке қарай 300 — 600 м жердегі ортағасырлық қорым мен тас алатын кеніш кіреді. Білеулі-1 қорымындағы (14 — 16 ғ-лар) “қойтас” түріндегі ұзынша қабіртастар, бейіт үстіндегі қос құлпытас не олардың арасына қойылған тақта, кесілген ірі блоктарды қырынан қойып жасалған қоршаулар ежелгі түрікмен сәулет өнері дәстүріне ұқсас. Ал кейінгі ескерткіштер керуен сарай қабырғасының үлгісімен, яғни екі қатар блоктың ортасына ұсақ тас толтырылып тұрғызылған. Қазба жұмыстары бейіттегі адамдардың мұсылман ғұрпымен басы Меккеге қаратылып жерленгенін көрсетті. Білеулі-2 қорымы 18 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басына жатады. Мұндағы ескерткіштердің көпшілігі тікбұрышты және дөңгелете қоршалған. Қоршауға керуен сарайдың жұртынан алынған блоктар пайдаланылған. Көптеген қоршаулардың батыс жағына ру таңбасы салынған құлпытастар қойылған. Сиректеу болса да “қойтас” түрінде өңделген белгілер де бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Білеулі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}