Біз айтсақ...
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Біз айтсақ...— "Хабар" арнасындағы "Төртеу түгел болса" деген ток-шоудың (2009) жаңа үлгісі. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.
Бағдарлама
Аптаның бас тақырыбы, одан қалса мемлекет алдында тұрған ұзақ мерзімді мәні бар мәселенің мән-жайын талқылап, астарын ашуға бағытталған бағдарлама өзіне зор міндет жүктеп отыр. Талқыға түсетін тақырып тек сыңаржақ пікірмен қалмай, студия мінберінен табылған бас каһармандардың ой-пікірі, көзқарас-пайымымен сабақтасып жатыр. Егер бағдарламаның бұрынғы нұсқасында студиядан үш тарап кейіпкері табылатын болса, бүл жолы қарама-қарсы көзқарастағы екі бас кейіпкер болады.
Негізгі жүргізушімен қатар қосалқы жүргізуші таңдап алынды. Ол сарапшы ретінде студия кейіпкерлерінің пікірсайысына лайықты сараптама жасап отырады. Ал жиыны 50-60 адамнан құралған көрермендер тобы негізгі сарапшылар болып табылмақ. Сұрақ-жауап арасында оларға да сөз беріліп, пікір алмасу өрбіп отырады.
Дерекөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}