Біздің қамқорлығымызда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біздің қамқорлығымызда— "Қазақтелефильм" студиясының 3 бөлімді, орыс тіліндегі, ақ-қара түсті деректі фильмі (1968). <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.


Фильм Әскери Қызыл Ту орденді "Киров" крейсерін қазақстандықтардың қамқорлығына алғанына 30 жыл толу құрметіне арналған. Кадрда осы кезең аралығындағы оқиғалар, әскери хроникалар, соғыс жылдарында Қазақстанның Ленинградқа көмегі турасындағы дәйектер, 1943 жылы крейсерге келген 50 ерікті комсомол мүшелерінің тағдыры көрсетіледі. Олардың арасында Мұқас Мадиев, Темірхан Сапаров, Досжан Бәйішев, Михаил Рыбаков және басқалар көрсетіледі.

Режиссеры — А. Нұғыманов, операторы — Ю. Монашев.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}