Буға пісіргіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Буға пісіргіш (пароварка) — арнайы кастрюль немесе кәдімгі кастрюльге қойылатын тор. Көкөністі және басқа да тағамдарды булап пісіруге қолданылады. Буға пісіргіштің ең ыңғайлысы — оның көлемінің кастрюльдің диаметріне қарай өзгертіп отыруға болатындығы. Кастрюльдің ішіне буға пісіргішті салып, оның аяғы батып тұратындай етіп су құнды да, одан кейін булағышқа көкөністі салып, кастрюльдің қақпағын нығыздап жабады. Котлет пен балықты кастрюльдің түбіне орналастырылған не жиегіне тиіп тұратын сым себетке салып пісіруге болады. Қазіргі кезде сым себеті не металл торлары бар электрлік буға пісіргіш кастрюльдер шығарылады. Мұның жылу көзі қуаты 1000 Вт болатын труба тәрізді электрлі жылытқыш болып табылады. Бұға пісіргіштің сыйымдылығы 4 л, суы 15—17 минутта қайнайды. Оны электр көзіне ішіне су құйылғаннан кейін қосу керек.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Буға пісіргіш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}