Буратал аңғары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Буратал аңғары , Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы ендік бағытта орналасқан. Алматы облысы Ескелді ауд. жерінде. Ол Жетісу Алатауының Орт. жотасын екі бөлікке бөледі: Оңт. Орт. жота және Солт. Орт. жота, (биікт. 2000 – 2800 м). Шығысында Көксу асуымен (3376 м) шектелсе, батысында Талдықорған ойысына қарай кеңейіп, одан биіктігі 1000 м-лік жармен бөлінген. Аңғардың негізінде Буратал синклинорийі жатыр. Бұл синклинорийдің ерекшелігі – ассиметриялығы, оңт. қанаты солтүстігіне қарағанда тереңірек иілген. Көксу өзенінен басталған Буратал өзені оңтүстік-батысқа қарай аңғармен ағады. Аңғар түзу және кең, беткейлері тік, сусымалы борпылдақ шөгінділермен жабылған. Өзен арнасы тегіс; аңғардың түбінде түптік жыныстар жатыр. Екі беткейі ұсақ кремнийлі тақтатастардан түзілген.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Буратал аңғары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}