Бурабай шипажайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Бурабай» – Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт.

Щучинск қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан. Көкше тауы (абсолюттік биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың аралас ормандар өскен. Ауаның орташа температурасы: қаңтарда –16ӘС, шілдеде 19ӘС; жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-дей. Бурабайда қымызбен емдейтін тұңғыш емхана 1910 ж. ашылған. Курорт 1920 жылдан жұмыс істей бастады. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді. «Бурабайдағы» негізгі ем – қымыз, сондай-ақ климаттық факторлар (қарағайлы орман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия тәсілдері, Балпашсордың тұзды балшығы, Майбалық көлінен тасылатын хлорлы-натрийлі-магнийлі минералдық су, т.б. қолданылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}