Булька

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Булька- жазушының Л. Толстойдан аударған әңгімесі. 1936 ж. Қазақстан көркем әдебиет баспасынан жеке кітапша етіп шығарған. Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағының 14-томына сол кітаптағы мәтін бойынша берілді. Л.Толстойдың Кавказда әскерде болып, осы кезеңге байланысты бірнеше көркем шығарма жазғаны белгілі. Аталған әңгіме Кавказдағы орыс офицерінің «Булька» атты итке қатысты қысқа әңгімелерден тұрады. Стилі ауызекі әңгімеге ұқсас. Толстойдың «Казактар» повесінің жазу мәнеріне де ұқсайтын жерлері бар. Әуезов аудармасы әңгіменің көркемдік ерек- шеліктерін айнытпай берген. Сейлем синтаксисі, көркемдік құралдары еркін аудармадан гөрі, дұл аудармаға келеді. Аңшылық жайында, ит жүгірту жайында шығармалар жазған Әуезов Толстой әңгімесін қазақы тілмен бар қырларын дел сақтай отырып аударған. Аударма тілі: «Жабайы жүзім, алма, нүк, жидек, итмұрын, қарағай ұрығы, емен дәні сияқтының бәрі де - шошқаның жемі. Осылар пісіп алып, енді біраз аяздаған кезде қабандар елердей жейді де, майланып алады» деген сияқты әңгіме тақырыбына сай, оралымды шыққан.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Булька|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}