Буланжизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Буланжизм - 80-жылдары Франңияның саяси аренасында экономикалық дағдарыс пен депрессия жылдары жалпы көңіл толмастық толқынында пайда болған стихиялық қозғалыс. Әскери министр шенінде кек қайтару (реваншизм) және популистік саясат нәтижесінде кеңінен танылып, тұңғыш "генерал-республикандық" атанған генерал Ж.Буланждың есімімен байланысты. Ол өзінің "¥лттық наразылық комитетін" құрып, елде авторитарлы төңкеріс қаупін туғызды. Бұл комитетке бірқатар көрнекті партиялар, тіпті социалистердің бір бөлігі қосылып, бүқаралық сипат алды. 1889-1890 жж. республикандық үкіметтің белсенді араласуы нәтижесінде генерал жалпы және муниципалды сайлауларда күйрей жеңіліс тауып, елден қашуға мәжбүр болады. Буланжизм авантюризмнің, популизмнің және саясатта театрлық әсерді қолданудың символына айналды. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Буланжизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}