Бугер-Вебер заңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бугер-Вебер заңы (кейде Вебер заңы) - белгілі бір сенсорлық жүйе соған бейімделген тітіркендіргіштің шамасына I айырым табалдырығының AI тура пропорционалды тәуелділігі: AI / I = K(const). Психофизикалық заң түйсіктің күшін болар-болмас өзгертетін тітіркендіргіштер шамасының алғашқы негізгі шамасына жетілдіретін тұрақты қатынасын білдіреді: I - тітіркендіргіштің алғашқы негізгі шамасы, AI - оның өсімшесі, K - тұрақты. Бір өлшемдес сенсорлық тітіркендіргіштерді саралау жағдайы үшін белгіленеді. Вебер қатынасы деп аталған K коэффициенті әр алуан сенсорлық тітіркендіргіштер үшін әр түрлі: дыбыс жоғарылығы үшін - 0,003; көрінетін жарық үшін - 0,02; дыбыстардың қаттылығы үшін - 0,09 және т.б. Ол түйсінудің болар-болмас өзгерісін алатындай болу үшін тітіркендіргіш ұлғаюы не кемуі тиіс болатын шаманы тіркейді. Бұл тәуелділікті XVIII ғасырда француз ғалымы П. Бугер анықтап, кейін оны неміс физиологі Э. Г. Вебер егжей-тегжейлі зерттеді. Бугер-Вебер заңының одан әрі дамытылуы және түсіндірілуі Фехнер заңы болып табылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}