Брендон Ури
Үлгі:Музыкант Брендон Бойд Ури (Үлгі:Lang-en; Үлгі:Туғанкүні, Сент-Джордж, Юта) — америкалық әнші, музыкант және әндердің авторы. Ол көбіне Panic! At the Disco тобының вокалисті ретінде танымал.
Балалық шағы
Ури Юта штатындағы Сент-Джордж қаласында дүниеге келген. Брендон екі жасқа толғанда, оның отбасы Лас-Вегасқа көшіп барады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ол Грейс пен Бойд Ури отбасындағы бесінші әрі ең кенже бала<ref name=":0">Үлгі:Cite news</ref> Ол мормондар отбасында тәрбиеленген,<ref name=":0" /> бірақ 17 жасқа толғанда бұл сенімнен бас тартқан.<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref> Ури «Пало-Верде» жоғары мектебінде оқып, онда Panic! At the Disco тобының бұрынғы мүшесі Брент Уилсонмен гитара класында танысады. Уилсон сол уақытта топқа гитарист қажет болғандықтан, Уриге олармен бірге өнер көрсетуге ұсыныс тастайды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ури өзін жоғары мектепте «бейшара» сезінгенін, мектепте үнемі бір оқушының келемежіне ұшырағанын айтады.<ref name=":1">Үлгі:Cite news</ref> Топтың дайындыққа жалдаған пәтерақысын төлеу үшін Ури «Tropical Smoothie Cafe» мейрамханасында жұмыс істейді. Кафеде ол жиі келушілерге ән айтып беретін. Ол былай деп еске алады: «Мен сол кезде өзім тыңдап жүрген әндердің бәрін шырқайтынмын, бірақ тапсырыстар да түсетін. Scorpions, W.A.S.P. топтарының әндерін айтқаным есімде. 80-ші жылдардың хиттері жақсы шайпұл әкелетін. Таңдау ауқымы өте кең еді... Біреулерге ұнайтын, біреулерге ұнамайтын. Өзгелердің талғамын құрметтеуге тура келді, бірақ арнайы менің ән айтқанымды тыңдап, шайпұл қалдыру үшін келетін адамдар да болды. Бұл қызық кезең еді».<ref name=":1" />
Мансабы
Оның музыкалық мансабы гитара класында бірге оқыған Брент Уилсонмен танысудан басталды. Сол кезде топқа гитарист іздеп жүрген Уилсон Уриге Panic! At the Disco ұжымына қосылуға ұсыныс тастайды. Алғашында Ури негізгі вокалист болған жоқ; бұл орында Райан Росс өнер көрсететін. Алайда, Райан Росс ауырып қалған кезде топ мүшелері Уридің ән айтқанын естіп, оның вокалдық қабілетіне тәнті болады. Содан кейін олар бір ауыздан Уриді топтың әншісі етуге шешім қабылдайды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Осыдан кейін Panic! At the Disco Уридің вокалымен бес альбом шығарды. 2005 жылы — A Fever You Can't Sweat Out, 2008 жылы — Pretty. Odd., 2011 жылы — Vices & Virtues, 2013 жылы — Too Weird To Live, Too Rare To Die!, ал 2016 жылы Death of a Bachelor жарық көрді. Pretty. Odd. альбомындағы «I Have Friends in Holy Spaces» және «Folkin' Around» әндерін Ури өзі жазып, өзі орындады. 2009 жылы ол «Дженнифер денесі» фильміне саундтрек ретінде «New Perspective» атты жаңа синглін жазды.
Басқа жобалары
Брендон Ури көптеген клиптерге түсіп, өзге де жобаларда ән шырқаған. Ол Патрик Стамппен бірге The Cab тобының Whisper War дебюттік альбомындағы «One of Those Nights» әнінің жазбасына қатысты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ури сонымен қатар Fall Out Boy тобының туындыларына да үлес қосты. Оның дауысын «What a Catch, Donnie», «20 Dollar Nose Bleed» және «7 Minutes in Heaven» композицияларындағы бэк-вокалдан естуге болады.<ref>en:What a Catch, Donnie</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Бэк-вокалист ретінде ол Black Gold тобының «Plans and Reveries» әнінде де бой көрсетті.
2008 жылы Ури Бутч Уокер жазған Coca-Cola компаниясының «Open Happiness» әніне қатысты. 2009 жылдың 16 шілдесінде жарық көрген клипте Брендон Ури репортердің рөлін сомдайды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Сондай-ақ 2008 жылы Forgive Durden тобының «Razia’s Shadow: A Musical» альбомының жазбасына қатысып, басты кейіпкердің ағасы — Паллистің рөлін орындады. Уридің вокалын «The Exit» және «The End and the Beginning» әндерінен естуге болады.
Ури Fall Out Boy тобының «A Little Less Sixteen Candles, a Little More Touch Me», «What a Catch, Donnie», «Young And Menace», «Uma Thurman» және «Headfirst Slide into Cooperstown on a Bad Bet» клиптеріне түскен. Сонымен қатар ол Gym Class Heroes тобының «Clothes Off!!» бейнебаянында көрінді.
2019 жылдың 26 сәуірінде оның Тейлор Свифтпен бірлесіп орындаған «Me!» синглі жарық көрді.<ref name="Tennessean">Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Брендон Ури 2011 жылы өзінің бұрыннан бергі құрбысы Сара Ожечовскиймен некеге тұрды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref> Бұл жұп 2013 жылы 27 сәуірде үйленді. <ref> 1. ↑ Panic! Attack. REVIEW-JOURNAL. 2006 жылы 27 тамызда тексерілген. 2. ↑ Buzzworthy Obsession: The Cab, 'One of Those Nights' " MTV Buzzworthy Blog 3. ↑ en:What a Catch, Donnie 4. ↑ Fall Out Boy — 7 Minutes in Heaven (atavan Halen) lyrics 5. ↑ Open Happiness на MySpace Music — тегін MP3, фото және бейнебаяндар </ref>