Бояулы бекіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Бояу дрок (Үлгі:Lang-la) - бұршақ тұқымдасы бекіш туысына жататын, едәуір ірі, жартылай бұталы өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Сабақтары тікенсіз, қырлы, жатаған, қысқа түктері бар.
  • Сопақша келген жапырақтары кезектесіп орналасқан, шеттері бүтін, біз тәрізді үшкір қосымша жапырақшалары бар.
  • Гүлдері сары, бұтақтарының ұштарында шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Орманды жерлерде, бұталардың арасында өседі.

Емдік қасиеті

Дәрі үшін өсімдіктің жоғары бөлігін гүлдеген кезінде жапырақтарымен, гүлдерімен қосып жинап алады. Құрамында цитизин, метилцитизин, анагирин, сидетеин алкалоидтары, генистеин деген бояғыш заттар бар. Халық медицинасында бояу дрок несеп айдағыш дәрі ретінде, жүрек пен бауыр қызметінің бұзылуына байланысты пайда болған шемен ауруларын емдеу үшін кеңінен қолданылады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

15 грамм кептірілген өсімдікті жарты литр суық суға салып қайнатады, сұйықтың 1/3-і буланып ұшып кеткеннен кейін даяр болған дәріні сүзіп алып, күнара 2 қасықтан әрбір 2 сағат сайын ішеді. Кейбір елдерде бояу дроктан жасалған дәрілерді бүйрекке тас байланғанда және ревматизмді емдеу үшін де ішеді. Өсімдіктің 10 грамын 1 стақан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз