Бояулық риян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Бояулық риян (Үлгі:Lang-la) - риян тұқымдасы риян туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 130 см-ге дейін жетеді.
  • Тамырының түсі қоңыр, бұтақтары көп, тамыр сабақтары ұзын. Төрт қырлы келген сабақтарының өн бойында ұштары сыртына қарай қайырылған көптеген тікенектері бар.
  • Жапырақтары қалың, сопақша келген эллипс тәрізді, сағақтары қысқа, екіден, төрттен, кейде алтыдан сабақтарын айнала қоршай орналасқан.
  • Гүлдері жасыл сары түсті, жартылай шатыр жасап бұтақтарының ұш жағына таман орналасқан. Гүл тәжінің төменгі бөлігі воронка тәрізді болып келеді де, жоғарғы бөлігінің ұштары сүйір, 5 жапырақшаға бөлініп, сыртына қарай бүгіліп тұрады. Маусым айынан бастап гүлдеп, тамыз айында жеміс береді.
  • Жемісі әуелі қара түске еніп, кейіннен қызыл түске боялатын, ішінде 1-2 сүйегі бар жидек.
  • Тұқымынан және тамырынан қолдан егіп көбейтуге болады.

Өсетін жері

Өзендер мен арықтардың жағаларында, тастақты жерлерде, бақшаларда, қақпалардың маңайында кездесе береді.

Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы

Бояулық риянның тамырының және тамырсабағының құрамында алиозин қышқылы, галлиозин, ксантопурин, ализарин бар.
Өсімдіктен жасалған дәрілер қуықта және бүйректе пайда болған әр түрлі фосфорлы тастарды еріту үшін пайдаланады. Дәріханаларда сатылатын "Цистенал" атты дәрінің құрамында осы бояулық риянның тамырынан алынған заттар бар. Дәрі жасуаға өсімдіктің тамыры мен тамыр сабағын күздің ақырғы айларында немесе көктемде жинайды.
Бояулық рияннан бояу алынады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер