Ботақан мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Ботақан мұнай кені - Каспий мұнайлы-газды алабында, Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының батысында 65 км жерде орналасқан. Құрылымдық сейсмикалық барлау әдісімен зерттеліп (196276), терең бұрғылау нәтижесінде кен орны 1980 жылы ашылды.

Геологиялық құрылымы

Сурет:GasDepositDiagram.svg
A - Обычный газ B - Изолирующий слой C - Богатый газом сланец D - Газ из жесткого песка E - Нефть F - Попутный газ G - Метан угольных пластов H - Поверхность земли

Геологиялық қимасы антропогеннен төменгі пермьге дейінгі шөгінділерді қамтиды. Өнімді қабаттар тұз күмбезінің үстінде орналасқан. Қалыңдығы 3,1-6,6 м орта юраның саз аралас құмтастарынан құралған мұнайлы горизонттар 1200-1450 м тереңдіктерде жатыр. Мұнай коллекторларының ашық кеуектілігі 22,5-25%, өткізгіштігі 0,05-0,15 мкм2. Қабат қысымы 14,2-20,4 МПа. Тәуліктік мұнай өнімдігі 14,45-32,0 м3.

Тығыздығы, құрамы

Мұнайдың тығыздығы 0,812 – 0,850 г/см3, күкірті аз, парафині 1,8 – 2,65%. Кен орны игерілуде. <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ботақан мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}