Ботағай Күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ботағай күмбезі, Ботағай — 12 ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. 19 ғасырдың 80-жылдарына дейін жақсы сақталып, одан кейін адам қолымен бұзылып, қирап қалған. Қалдығы Ақмола облысындағы Нұра өзенінің Қорғалжын көліне құятын сағасынан 15 км жоғары, қазіргі Қорғалжын ауданының орталығынан 1,5 км шығысқа қарай жалпақ дөңестің үстінде. Ботағай күмбезін бүтін кезінде 1831 ж. А.Шахматов бірінші рет қағазға түсірген. Сәулет өнерінің елеулі туындысы ретінде күмбез Ш.Уәлиханов, С.Б. Броневский, Н.И. Красовский, А.И. Левшин, И.А. Кастанье, И.П. Шангин, т.б-дың назарын аударып, баспа бетінде жарық көрген. Ботағай күмбезінің қағазға түскен екінші нұсқасы Уәлихановтың жеке қорынан (1855) табылған сызба-кескіндеме болып табылады. Күмбезді Шангин, Шахматов, топограф Козловтар арнайы көріп шығып, сипаттама берген. Мазар күйдірілген кірпіштен қаланған тік бұрышты, күмбезді зәулім құрылыс болған. Қалау барысында ғаныш лайы мен ақ балшық сылағы қолданылған. Кесененің ең көркем бөлігі — бет жағындағы (портал) шығыңқы жасалған арка ең алдымен көзге түседі. Ескерткіш жобасының өлшемі (Шахматов пен Уәлихановтың көрсетуі бойынша) — 10,67 х 8,53 м. Ал биіктігінің өлшемі зерттеушілердің дерегі бойынша екі түрлі: 10,67 м (Шахматов) және 9,24 м (Уәлиханов). Қабырғаның үстіндегі сегіз қырлы, биіктігі 1 м барабанға биіктігі 3,5 м, диаметрі 7 м күмбез орнатылған. Кесененің қасбеті, ішкі қабырғалары мен бұрыштары түрлі әдемі текшелермен әшекейленген. Қабырғаның ішкі кенересінде айналасы оюланып-өрнектелген жазу болыпты. Оны Шахматов оқуға тырысқанмен, эпиграфиканың көшірмесі көмескі боп шығып, не жазылғаны әлі күнге дейін беймәлім болып отыр. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 1974 ж. қазба жұмыстары кезінде кесенені айнала 21,0х17,4 м аумақты алып жатқан кірпіштен қаланып төселген алап, 21х11х4; 35х22х5; 22х22х5; 22х22х4 см мөлшерлі күйдірілген кірпіштер, сондай-ақ, кесененің алдыңғы қабырғасының бетін қаптауға арналған тақталар мен өсімдіктер түріндегі ою-өрнектері бар терракота тапты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} <references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ботағай Күмбезі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}