Ботагөз Айдарбекқызы Кентбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Ботагөз Айдарбекқызы Кентбаева — биология ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1968 жылы 14 тамызда қазіргі Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Наурызбай батыр ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (2000, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті), аспирантурасын (2006) бітірген. 2006 жылдан осы университетте ассистент, аға оқытушы, "Ботаника жəне фотоинтродукция институты" республикалық мемекеттік кəсіпорынның ғылыми хатшысы (2009-11), 2011 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде доцент қызметін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Алматы қаласы жағдайларында (Crataegus L. туысы өкілдерін мысал ретінде алғанда) ағаш өсімдіктерінің экологиялық рөлін жəне биологиялық тұрақтылығы мониторингінің ғылыми-əдістемелік негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
67 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 6 оқулық, электрондық оқулық, оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер