Борис Викторович Суворов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Борис Викторович Суворов (27.1.1925, Новосибирск қ. – 7.7.1996, Алматы) – ғалым, химия ғылымдарының докторы (1962), профессор (1965), Қазақ КСР-і ғылым академиясының академигі (1983), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1971).

Қазіргі Қазақ ҰУ-ды бітірген (1948). 1948 – 51 ж. аспирантурада оқыды, 1952 – 96 ж. Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында ғылым және басшылық қызметте болды. 4 монография, 600-дей ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 160 авторлық куәлігі мен патенті бар. Суворовтың іргелі ғылыми еңбектері катализдік аралас тотығу процестерін, полимер, бояғыш заттар, физиологиялық активті заттар өндіруге керекті көмірсутектердің оттекті және азотты туындыларын алу жолдарына арналған. Оның басшылығымен никотин қышқылын (РР-витамині) алу технологиясы жасалды (1978 ж. Украинадағы Умань витамин зауытында іске асты). Суворов туберкулезге қарсы тубазид және фтивазид, ұмытшақтыққа қарсы пармидин препараттары мен өте тиімді реглон, лонтрел гербицидтерін синтездеуге басшылық жасады. Суворов өңдеген алифаттық және орны алмастырылған ароматты нитрилдер қатары инсектицидтер (базудин, димилин, пиретроидты препараттар) шикізаты болып есептеледі.

Суворов “Құрмет белгісі” (1981), “Халықтар достығы” (1985) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы 8 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер