Борис Александрович Акерман

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Акерман Борис Александрович (1892-1974) - зерттеуші.

Семейдегі Абайдың әдеби-мемориал музейі ҚазССР ғылым академиясының қамқорлығында болған жылдары музейдің ғылыми хатшысы қызметін атқарған. Музей үйінің тарихи фотосуреттерін, деректі жазбаларды зерттеп, музей қорын толықтыруға көп үлес қосқан. Акерманның С. Молдабаев, Т. Көбдіков, Т. В. Ксенефонтова, Ш. Ақылбаев, Р. Жандыбаев, К. Оспановадан Абай туралы жазып алған деректері музей қорында сақтаулы. Ол архивтерден Құнанбаевтардың қолтаңбаларын тапқан.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Семейдегі Абай мұражайының ғылыми хатшысы қызметін атқарған. Мұражай үйі тарихына қатысты фотосуреттердің, деректі жазбалардың тарихын зерттеген. Сапарғали Молдабаев, Төлеу Көбдіков, Т. В. Ксенофонтова, Шәбеп Ақылбаев, Рақым Жандыбаев, Кәмәлия Оспановалар мен кездесіп, Абай және оның ұрпақтары туралы құнды деректер, архивтерден Құнанбаевтардың қолтаңбаларын тапқан. Әуезов өнер зерттеушімен талай рет кездесіп, әңгімелескен, жинаған мәліметтерімен танысқан.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала