Болғанмола мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Болғанмола мұнай кен орны - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында, Орал қаласынан оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай 240 км жерде орналасқан. 1969 жылы ашылған. Құрылымы Болғанмола дөңбек күмбезінің солтүстік-шығыс бөлігінде.

Жатыс сипаты

Өнімді шөгінді қабаты 1828 м тереңдікте кездеседі. Шоғырлар 2000 м тереңдікке дейін жетеді. Биіктігі 1700 м-ді, ал шоғырдың жалпы биіктігі 300 м-ді құрайды. Коллекторы төменгі триастың құмайтты және алевролитті жыныстарынан тұрады.

Қанығу сипаты

Кеуектілігі 20%-ға жетеді. Мұнайға қаныққан тиімді қабатының қалыңд. 3 м. Сумен аралас мұнайдың дебиті тәулігіне 7 м3-ді құрайды, тығыздығы 839 кг/м3.

Құрамы

Құрамында күкірт (0,13%), парафин (15,4%), шайыр (17%) бар. 200°С температурада буланатын фракцияның мөлшері 17,5%. Кен шоғыры іздестіру-барлау сатысында. <ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> <ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Болғанмола мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}