Боливия баспасөзі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Боливия баспасөзіБоливияда орналасқан мерзімді баспасөз <ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5</ref>. Боливияда бірнеше ондаған әртүрлі газеттер мен журналдар шығады.Барлық таралымның 90%-ы Ла-Паста, ал қалғандары Сукре мен Кочабамба қалаларында. Ең ірі газеттері консервативті бағыттағы: "Диа-рио" ("El Diario") 1904 жылдан шығады, оңшыл буржуазиялық газеті: "Ой" ("Ноу") 1969 жылдан, АҚШ монополиясымен байланысты реакциялық клерикал топтың органы "Пресенсия" ("Presencia") 1962 жылдан, БКП-ның органы "Унидад" ("Unidad") 1953 жылдан, "Пуэбло" ("El Pueblo") 1946 жылдан бастап шығады (апталық прогрессивті газет). Боливиядағы "Асосиасьон боливиана де радиодифусорас" және "Ди рексьон хенераль де радиоко муникасьонес" радиохабар компаниялары, 1970 жылдан бастап мемлекеттік телевизия компаниясы жұмыс істейді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}