Болгар телеграф агенттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болгар телеграф агенттігі (БТА) (Българска телеграфна агенция БТА) - мемл. ақпараттық агенттік 1898 жылы негізі қаланды <ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5</ref>. Софияда орналасқан. Мемлекеттік баспасөз құралдарына, радио мен теледидарға, мемлекеттік қоғамдық ұйымдарға ішкі және халықаралық хабар беретін негізгі ақпарат көзі болып табылады. БТА, ИТАР ТАСС және де басқа әлемдік агенттіктердің ақпаратын таратып, өз ақпарларын да шетелге жібереді.

Мемлекет ішін де күніне 300 парақ таратса, шетелге 80 парақтай ақпарат таратады. 25 түрлі бюллетень және де орыс, ағылшын, француз, неміс, испан тілдерінде басылымдар шығарумен қатар өздерінің мерзімді басылымдарын шығарып тұрады. БТА-ның фотоқызметі болгар баспасөзін және теледидарын суретпен қамтамасыз етіп, түрлі ақпараттық өнімдерін шетелге таратады. Қызметкерлерінің жалпы саны 670 шамасында.

Мемлекет ішінде 28, ал шетел де 25 тілшілері бар. БТА 65 ақпарат агенттіктермен байланыс жасап, ақпарат алмастырып отырады. Ол Еуропа альянсындағы баспасөз агенттігі ЕААР-қа мүше.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}