Болат Әбілқасымұлы Палымбетов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Әбілқасымұлы Палымбетов (1961 жылы туған, Шиелі ауылы, Қызылорда облысы) – Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі (2003 - 2006)
Биография
Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (Қазақ ҰТУ) бітірген (1984).
1984 – 89 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде есептеу орталығында инженер, өндірістік бөлім меңгерушісі, жас құрылысшылар отрядының бастығы,
1990 – 92 жылдары Жастар қоры кеңесінің төрағасы, Алматы қалалық комитетінде жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері басқармасының бастығы,
1993 – 99 жылдары «Астана – инвест» инвестициялық жекешелендіру қорының «Астана – холдинг» корпорациясының президенті, Халықтық банк төрағасының орынбасары, ҚР Кәсіпкерлер Форумы Кеңесінің төрағасы,
2002 – 2006 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, 2006 жылы қаңтар айынан Қазақстан Республикасы экономика және бюджетті жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары,
1999 – 2001 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары,
2002 – 06 жылдары Маңғыстау облысының әкімі қызметтерін атқарды. 2006 жылдан ҚР-ның экономика және бюджетті жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары.
- Әскери атағы - полковник.
Дереккөздер
<References/>