Болат Фазылұлы Үркімбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Фазылұлы Үркімбаев (24 мамыр, 1952 жыл, Өзбекстан, Самарқан облысы, Катта-Қорған қаласы) - техника ғылымдарының кандидаты, профессор (2006).
Өмірбаяны
Әкесі - Үркімбаев Фазыл, марқұм, әскери қызметкер болған. Анасы - Үркімбаева Диляфруз, марқұм, үй шаруасымен айналысқан.
- Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесінің автоматтандыру және механикаландыру факультетін (1976) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
- Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін (2008) «Заң ғылымы» мамандығы бойынша бітірген.
- 1976 жылдан - Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының аға дәріскері, доценті.
- 1984 жылдан – Қазақ химия-технология институтының доценті, кафедра меңгерушісі.
- 1991 жылдан - Қазақ химия-технология институтының докторанты.
- 1994 жылдан - «Шарт» ЖШС президенті; еуропалық қаржы тобының бизнес-кеңес берушісі (Англия, ОАР, Израиль, Ресей).
- 1997 жылдан - Шымкент қаласы әкімінің экономика жөніндегі кеңесшісі; «Оңтүстік Қазақстан инвестициялық орталығы» ЖШС президенті.
- 2003 жылдан бері - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Басқармасының бастығы. ОҚО Тәртіптік кеңесінің төрағасы (2007 жылдан).
Ғылыми жұмыстары
Техника ғылымдарының кандидаты (1982). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Тісті берілістердің қажалуын зерттеу».
- М. Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры (2006 жылдан).
- 2 монографияның және 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы.
- 9 авторлық куәлігі бар (1976-1991).
Марапаттары
- «Құрмет» ордені (2007);
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі
- «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалі
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Үркімбаева Елена Нығметқызы (1951 жылы туған), қорғаушы.
- Қыздары - Виктория (1974 жылы туған), Эльвира (1981 жылы туған).
- Немерелері - Лютфия, Болат, Ләйля.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub