Болат Уахитұлы Шалекенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болат Уахитұлы Шалекенов (1955, Өзбекстан, Нүкіс қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1993), профессор (1995). Қазақстан Республикасы Медицина ғылым академиясының корр. мүшесі. \

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1978, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Алматы облысы ауруханасында дәрігер (1978–1979), бітірген оқу орнында стажер-зерттеуші, аспирант, ассистент (1979–1986), Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент (1986–1991), Урология ғылыми орталық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1991–1996) болған. 1996 жылдан бөлім жетекшісі қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері урология мәселелеріне арналған. 60-тан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub