Болат Оралұлы Ақшолақов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Оралұлы Ақшолақов (9 сәуір, 1971 жыл, Атырау қаласы) - мұнайшы.
Білімі
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1993) экономист мамандығы бойынша бітірген.
Қызметі
- 1993 жылдан - «Аlem Bank Kazakhstan» филиалдар қызметін бақылау департаментінің экономисі, бас экономисі.
- 1995 жылдан - Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкінің бағалы қағаздар бөлімінің, дилинг операциялары бөлімінің бастығы, активтерді басқару департаментінің директоры.
- 1997 жылдан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ ТШО департаментінің аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары
- 2001 жылдан - Commonwealth and British Services Ltd. компаниясының бизнес-тапдампазы, стратегиялық жоспарлау менеджері, қаржы директоры.
- 2003 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК үлес басқпру жөніндегі атқарушы директоры.
- 2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
- 2008 жылдан - «Самұрық-Қазына» ¥ӘҚ» АҚ электрэнергетикалық және мұнайгаз активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры.
- 2010 жылдың шілде айынан бері - «РSА» ЖШС бас директоры басқарма төрағасы (мұнайгаз жобаларындағы өнімді бөлісу туралы келісімдер женіндегі өкілетті орган).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}