Болат Кайроллаұлы Қонарбай
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Кайроллаұлы Қонарбай (2 шілде, 1966 жыл, Атырау облысы Құлсары ) - Мәжіліс депутаты.
Өмірбаяны
- Воронеж №24 техникалық училищесін (1984) бітірген.
- Орал орман техникалық институтын (1989) бітірген.
- Волгоград ауыл шаруашылық академиясын (1989) бітірген.
- 1985 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1989 жылдан - Гурьев облысы Қазақстан ЛЖКК Ембі аудандық комитетінің жанындағы жастар бастамасы Қорының төрағасы.
- 1991 жылдан - «Жұлдыз» ШК директорының орынбасары, директоры.
- 1997 жылдан - «Болсат» ЖШС директоры.
- 1998 жылдан - «Жылыой нан» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
- 1999 жылдан - «Жаңа-жол-1» ЖШС бас директоры.
- 2006 жылдан - Атырау облыстық кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер ассоциациясының төрағасы.
- 2007 жылдан бері - Қазақстан Парламенті Мәжiлiсі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.
Қоғамдық қызметі
- «Атамекен» одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының Үйлестіру кеңесінің мүшесі (2005-2007)
- ҚР Президентінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің мүшесі (2005-2007)
- «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалының төрағасы (2007-2008)
- «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2007 жылдың шілде айынан бері).
Марапаттары
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Отбасы
Үйленген. 4 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}