Болат Елтайұлы Боранбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болат Елтайұлы Боранбай (20.1.1964 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бестам ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1997).

Қызылорда педагогикалық инситутын бітірген (1988). 1988 - 1990 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы N 205 қазақ орта мектебінде мұғалім. 1991 - 1994 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің қазақ тілі кафедрасында оқытушы. 1994-1997 жылдары ҚР ҰҒА Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аспирант. 1997 жылдан Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінде оқытушы. Филология ғылыми докторы С. Омарбековтың жетекшілігімен "С. Жиенбаевтың лингвистикалық мұралары" деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Шығармалары

  • С. Жиенбаевтың лингвистикалық мұралары. АКД., А., 1997.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}