Болат Бидахметұлы Жәмішев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Бидахметұлы Жәмішев (28 маусым 1957 жыл Алтын Емел ауылы, Кербұлақ ауданы, Алматы облысы) — Қазақстан Республикасының қаржы министрі. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қысқаша өмірбаяны
- Қазақ ауыл шаруашалық институтын бітіріп, экономист дипломын алып шыққан.
- 2006 ж. маусымынан бастап Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.
- 2004 ж. қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы лауазымында қызмет атқарған.
- 2006 ж. қаңтарында бұл лауазымға Арман Дунаев тағайындалған болатын.
- 2007 ж. қарашаның 13 — ҚР Қаржы министрі.
- 2013 ж. 6 қарашадан - Қазақстан өңірлерді дамыту министрі.
- 2014 ж. 6 тамыздан - Қазақстан Даму банкі басқармасының төрағасы.
Қосымша лауазымдар
- 2012 ж. 6 қыркүйектен - Қазақстан конкимен жүгірушілер ұлттық федерациясының құрметті президенті болып сайланды.
Марапаттары
- «Парасат» ордені
Астанаға 10 жыл медалі.
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Бәтила Жәкенқызы Жәмішева (1957 жылы туған), филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы. Ұлдары - Дәулет (1985 жылы туған); Қуаныш (1989 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>