Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов (15.7.1958 жылы туған, Қызылорда облысы Қызылорда) – биология ғылымдарының докторы (1997), Халықаралық ақпарат академиясы (1998), Қазақстан Республикасының жоғары мектебі және Халықаралық Жоғары мектебі ғылыми академиясының академигі (2002). Қазақстан Білім беру ісінің үздігі.
Өмірбаяны
- Қызылорда педагогикалық институтын (1979, қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген.
- КСРО Ғылым академиясының Биофизика институтының аспирантурасын (1986) бітірген.
- Қазіргі Қызылорда мемлекеттік университетінде декан, проректор
- Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры қызметтерін (1986–1998) атқарады.
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігінде департамент директоры (1998)
- Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы (2004–2007)
- 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жауапты қызмет атқарады.
Ғылыми еңбектері
- Оның ғылыми еңбектері женьшень өсімдігінен алынатын даммаран қатарындағы глюкозиттердің биофизикалық және биохимиялық, антигемолиттік активтілігінің молекулярлық аспектілеріне арналған.
- 40-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы.
Марапаттары
«Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}