Болатбек Көрпебайұлы Төлепберген

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болатбек Көрпебайұлы Төлепберген1974 жылғы 5 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. Журналист, мемлекет қайраткері, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазақ радиосы директорының орынбасары, философия ғылымының кандидаты.

1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінен бастаған. «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Зерде» және «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, «Асар» және «Журналист» газетінің редакторы қызметін атқарған.

Қазіргі таңда «Қазақстан» ТРК, "Шалқар" радиосының бас редакторы. «Сүйікті менің Отаным» және «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмдерінің авторы.<ref>«Желтоқсан қарлығаштары» кітабы.</ref>

Қазақстан Жазушылар Одағы мен«Атамұра» корпорациясыныңжазушы Оралхан Бөкей атындағы стипендиясының тұңғыш иегері (1993). «Сорос-Қазақстан» жас жазушылар бәйгесінің жүлдегері (1996), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2003), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері (2008), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2008) және ҚР Мәдениет қайраткері (2009) және ҚР Президентінің журналистика саласы бойынша сыйлығының лауреаты (2011). Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер Одағының мүшесі.

Шығармалары

20-ға жуық кітап жазған.

  • Желтоқсан қарлығаштары.- Алматы, 2010
  • Көшкен күннің бояуы.- Астана, 2004
  • Ұлттық идея- тәуелсіздік тұғыры.- Алматы, 2011
  • Мәңгі жас – алаш идеясы.- Алматы, 2008
  • «Қасиеттім – Желтоқсан!»

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}