Болатбек Баянұлы Қуандықов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болатбек Баянұлы Қуандықов (14 сәуір 1969, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы «III Интернационал» ұжымшары) - Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің басшысы. Экономика ғылымдарының кандидаты (2004).
Өмірбаяны
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономикалық жоспарлау факультетін бітірген (1994), экономист.
- 1986-1987 жылдары - ҚЖБ ағаш шебері.
- 1992 жылдан «Адам-Ата» АҚ, «Лидер» кооперативтік бірлестігінде бухгалтер-ревизор.
- 1993 жылдан - ҚР Ұлттық банкінің Қызылорда облыстық басқармасының экономисі, аға экономисі, бөлім бастығы, басқарма бастығы.
- 1996 жылдан - ҚР Ұлттық банкі Қызылорда облыстық басқармасында бастық.
- 1999 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
- 2000 жылдан - бірінші орынбасары.
- 2004 жылдың ақпан айынан - ҚР Бюджеттік жоспарлау және экономика департаментінің директоры.
- 2004 жылдың қараша айынан - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі.
- 2008 жылдың наурыз айынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
- 2008 жылдың мамыр айынан бері - Қызылорда облысының әкімі.
- 2013 жылдың 13 қарашасынан Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің басшысы.
Ғылыми еңбектері
- Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Аймақтық агроөнеркәсіп өндірісін дамытуды басқару».
- «Агроөнеркәсіптік өндірісін дамытуды басқару» монографиясының авторы.
Марапаттары
- Құрмет ордені
- «Астанаға 10 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Қуандықова Анар (1971 ж.т.), «ИЦА» АҚ маманы.
- Қыздары - Қуандықова Гүлсара (1992 ж.т.), Қуандықова Айсара (2001 ж.т.);
- ұлы - Қуандықов Самат (1994 ж.т.), Қуандықов Нұрсат (2007 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub