Бокстан Қазақстан чемпионаты 2024
Бокстан Қазақстан чемпионаты 2024 – Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 18-24 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында өткен ұлттық спорт шарасы<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Мазмұны
Қатысушылар
ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан чемпионатына дайындалуға уақыттың болмауына байланысты республикалық турнирге қатыспайтынын айтты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Чемпионатқа жалпы саны 500 спортсмен қатысып, 25 салмақ дәрежесі бойынша жарысқа түсті.
Чемпиондар
Төрехан Сабырхан (67 кг), Нұрлан Сапарбай (+92 кг) және Назым Қызайбай (50 кг дейін) қарсыластарының жекпе-жекке шығудан бас тартуына байланысты мерзімінен бұрын чемпион атанды.
Кейін Сабырхан мен Қызайбай Қазақстан чемпионатының үздік боксшылары деп танылды.
Рингтегі биімен танымал болған Талғат Сырымбетов Серік Теміржановпен өткен жекпе-жекте көз жарақатына қарамастан 60 кг дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Ірі жеңістерге Римма Волосенко, Жайна Шекербекова, Ертуған Зейнуллинов, қарсыласын нокдаунға жіберген Тимур Қабдешов, Карина Ибрагимова және Алуа Балқыбекова қол жеткізді.
Жақын әрі тартысты жекпе-жектерді Сабыржан Ақхалықов, Тимур Нұрсейітов және Теміртас Жүсіпов өткізді.
Спортқа қайта оралуын жарқын жеңіспен атап өткен Надежда Рябец болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
| Ерлер арасында | Қыздар арасында | ||
|---|---|---|---|
| Салмақ дәрежесі | Чемпион | Салмақ дәрежесі | Чемпион |
| 48 кг | Теміртас Жүсіпов | 48 кг | Назым Қызайбай |
| 54 кг | Тимур Қабдешов | 50 кг | Алуа Балқыбекова |
| 60 кг | Талғат Сырымбетов | 54 кг | Жайна Шекербекова |
| 63,5 кг | Ертуған Зейнуллинов | 57 кг | Карина Ибрагимова |
| 67 кг | Төрехан Сабырхан | 60 кг | Римма Волосенко |
| 71 кг | Сабыржан Ақхалыков | 66 кг | Жасмин Қизатова |
| 75 кг | Тимур Нұрсейітов | 70 кг | Мәдина Нұршаева |
| 80 кг | Азамат Бектас | 75 кг | Валентина Хальзова |
| 92 кг | Данияр Рахымбердиев | 81 кг | Надежда Рябец |
| +92 кг | Нұрлан Сапарбай | +81 кг | Ләззат Күнгейбаева |
Барлық жүлдегерлер
| Салмақ дәрежесі | 🥇 Чемпион | 🥈 Күміс жүлдегер | 🥉 Қола жүлдегер | 🥉 Қола жүлдегер |
|---|---|---|---|---|
| 48 кг | Назым Қызайбай | Ақбота Болат (жекпе-жекке шықпады, жарақат) |
Әнел Құдайберген | Елянур Турғанова |
| 50 кг | Алуа Балқыбекова | Гүлнар Тұрапбай | Гүзназ Бүрібаева | Айбегім Қажымұқан |
| 52 кг | Анита Әдішева | Жансая Рахимберді | Анжа Сәдуақасова | Томирис Мырзақұл |
| 54 кг | Жайна Шекербекова | Элина Базарова | Сымбат Әлиасқар | Әнел Сағыш |
| 57 кг | Карина Ибрагимова | Айдана Забынбекова | Шахназ Исаева | Виктория Байдукова |
| 60 кг | Римма Волосенко | Анар Тұрсынбек | Гүлжана Үббиниязова | Әсем Танатар |
| 63 кг | Лаура Есенкелді | Аружан Жанабаева | Ақнар Ишанова | Назерке Серік |
| 66 кг | Жасмин Қизатова | Ұлдана Таубай | Мерей Ибрагимова | Гаухар Шайбекова |
| 70 кг | Мәдина Нұршаева | Бақыт Сейдіш | Аида Сарыбарова | Балжан Асқар |
| 75 кг | Валентина Хальзова | Анастасия Баязитова | Анастасия Рылина | Әзиза Ісіна |
| 81 кг | Надежда Рябец | Жібек Жарысқызы | Валерия Аксенова | Шұғыла Нәлібай |
| 81+ кг | Ләззат Күнгейбаева | Дина Исламбекова | Әсел Тоқтасын | Камила Бажбенова |
Қорытынды
Қарағандыда бокстан республикалық чемпионат аяқталды. Бұл додада ең көп алтын медальді елордалық тері қолғап шеберлері жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Астананың боксшылары бес рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, сонымен қатар олардың еншісінде екі күміс жүлде бар. Медальдар кестесінің екінші сатысында – Алматы спортшылары (3 алтын, 5 күміс, 10 қола), үздік үштікті Шымкент боксшылары (3 алтын, 5 күміс, 2 қола) түйіндеді.
2022 жылмен салыстырғанда, ерлер турнирінде чемпиондық атағын тек Теміртас Жүсіпов пен Талғат Сырымбетов сақтап қалды.
Қазақстан чемпионы атанған 11 боксшы: Тимур Кабдешов, Даулет Молдашев, Торехан Сабырхан, Сабыржан Аккалыков, Тимур Нурсеитов, Темірлан Мукатаев, Азамат Бектас, Данияр Рахимбердинов, Анита Адишева, Лаура Есенкельды және Жасмин Кизатова алғаш рет чемпион атанды.
Әйелдер жарысында Қазақстан құрама мүшелері өз мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді: Назым Қызайбай, Алуа Балкибекова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Римма Волосенко, Мадина Нуршаева, Валентина Хальзова, Надежда Рябец және Ляззат Күнгейбаева үздіктер атанды.
«Алтын» иегерлері ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары мәртебесіне ие болады.
Командалық есеп (ерлер)
| Регион | Алтын | Күміс | Қола |
|---|---|---|---|
| Астана | 5 | 2 | — |
| Алматы | 3 | 5 | 10 |
| Шымкент | 3 | 5 | 2 |
| Басқа өңірлер | — | — | — |