Бой өсер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бой өсер - 13-14 жас шамасында ер балалардың қолтығының, омырауының, шатының бездерінің шошынуы кезінде болатын физиологиялық ерекшелік. Бұл жыныстық белгілерінің дамып жетілуінің белгісі. Осы жастағы ер баланың қол-аяғының сүйегі сырқыраса, бойы өсіп жатыр деп қызыл жіп байлап қоятын салт бар.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>