Бойдақ
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әдетте, үйленбеген жалғыз, салт басты адамға, сондай-ақ төлдемеген малға да қолданылады. «Сол кісі ұлжанды ырқына көндіріп ала алатын айлакер, бойдақ жігіт болуы керек» (Ж. Тілеков, Қайнар).
Кейбір түркі тілдерінің деректеріне назар салсақ, «бойдақ» түлғасының түбірі «бой» екендігін аңғару қиынға соқпайды. Алтай, телеуіт тілдерінде «пой» қазақша— «өз», «өзі» мағыналарына ие. Осы мағынадағы сөздерді якут тілінде «бэй», туваларда «бот» тұлғалары бере алады. Түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестіктерін еске алсақ, «бэй», «бот» тұлғаларының «бой» сөзінен сәл өзгешелігі таңдандырмайды. Мысалы, тува тіліндегі «бой»—т~й дыбыстарының сәйкестігі қазақша — аяқ, якутша — атах т. б.
Сөйтіп, «бойдақ» сөзінің түбірі «бой» тіліміздегі «өзі» дегенді ұғындырады екен де, -дақ қазақ тілінде есім сөзден есім тудыратын жұрнақ: мысалы — шаң+дақ => шаңдақ, құм + дақ => құмдақ т. б. Дәлірек айтсақ, бойдақ сөзін түсініктірек болсын десек, «өзі ғана» деп аударуға болады.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}