Бозтұмсық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

БозтұмсықҰлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл, Қаракеңгір ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Ұлытау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде, Қаракеңгір өзенінің оң жағасында Байсай өзені құяр жерінде орналасқан.

Халқы

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1371 адам (719 ер адам және 652 әйел адам) болса, 2009 жылы 962 адамды (525 ер адам және 437 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 564 адамды (317 ер адам және 247 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі 1933 жылы Калинин, Коммуна, «1 май» ұжымшарлары негізінде қаланған. 1957 жылы бұл ұжымшарлар біріктіріліп «Қаракеңгір» кеңшары құрылды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — мал шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы 192,5 мың га. Кеңшар негізінде 121 шаруа қожалықтары құрылған (2006).

Инфрақұрылымы

Ауыл орталығында мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб үйі жұмыс істейді. Халық қолөнері (киіз басу, текемет т. б.) кең дамыған. Көркемөнерпаздардың домбыра оркестрі жұмыс істейді. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Ұлытау ауданы елді мекендері