Богатырь мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұздық

Богатырь мұздығыІле Алатауындағы қазаншұңқырлы мұздық.

Географиялық орны

Алматы облысы, Талғар ауданы жерінде, Шілік өзенінің саласы – оңтүстік-шығыс Талғардан басталатын Жусанды Күнгей жотасы мен оның сілемі – Есік шоқысының аралығында.

Аумағы

Жалпы ұзындығы 9,1 км, ашық бөлігінің ұзындығы 8,7 км. Мұздықтың ауданы 29,8 км2, морена жапқан бөлігін қоса есептегенде 30,3 км2, көлемі 4,50 км3 (1971 жылы). Ең биік жері 4580 м, етек жағы 3420 м биіктікте. Богатырьдан 3 өзен басталады. Мұздық жылына 7,7 м шегінуде, 1927 – 30 жылдары Богатырь мұздығы 84 м шегінді. Соңғы кездегі бақылаулар да мұздықта шегінуі тоқтамағанын дәлелдеді. Мұздықты тұңғыш рет С.Е.Дмитриев ашып, зерттеген (1909-1910 жылдары). Мұздықтың оңтүстігінде Жусанды Күнгей, солтүстігінде Шокальский мұздықтары жатыр.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 2 том</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

"Ледники Заилийского Алатау"