Бледа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Бледа (Үлгі:Lang-el, Үлгі:Lang-la, т.ж. белгісіз - 445 ө.ж.) -  Ғұндар тайпаларының көсемі 434—444 жылдары, Еділ қағанның ағасы және бірігіп басқарушысы.

Бледа мен Еділдің әкесі Мұнзық<ref name="XXXV">Jordanès, XXXV</ref> - ғұндардың патша тегінен шыққан, өзі билік жүргізбесе де, оның ағалары Ақтар (немесе Оптар) және Руа (Роас, Руғила) ғұндардың атақты көсемдері болған<ref>Иордан (Гетика, 180)</ref>. Басқа Мұнзық туралы еш мәлімет жоқ, тарихта бұл тұлғаның аты келешек көсемдер, Аттила мен Бледаның әкесі ретінде сақталған<ref>Сократ Схоластик, «Шіркеу тарихы», 7.30</ref>.

434 ж. Руғила дүниеден өткенде империя билігі оның інілерінің баласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. «452 жылдың Галл хроникасы» бойынша, Бледаны Руғиланың мұрагері деп жариялайды, соған қарағанда, Бледа Еділден жасы үлкен болған.

441 - 442 жылдары Бледа мен Еділ қағанның басқаруымен византиялық провинция Иллириктің (қазіргі Сербия) бөлігін басып алған ғғ.<ref>Марцеллин Комит (442 г.): «Bleda et Attila, fratres, multarumque gentium reges, Illyricum Thraciamque depopulati sunt.» Бұл соғыс туралы Еділ қаған мақаласын қара.</ref>

Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтірген. Бұл жағдайдың талқылаулары көп. Сол кездегі оқиғалардың куәгері Проспер Аквитанның хроникасы бойынша 444 жылы Еділ қағанның өзі ағасын өлтірген<ref>Проспер Аквитанский (444 ж.): «Attila rex Chunorum Bledam fratrem et consortem in regno suum perimit eiusque populos sibi parere compellit.»</ref>. 2-й половины VI ғасыр тарихшысы Марцеллин Комит Бледаның өлімін 445 жыл деп белгілейді. Ал «Галлия хроникасы» бұл оқиға 446 жылы болған деп хабарлайды.


Үлгі:Бастама

Дереккөздер

<references/>