Бластомилонит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бластомилонит. Тектоникалық жаныштаулар нәтижесінде, бір жағынан, пішін өзгерістеріне ұшыраған, яки уатыла-ұсақталған, ал екінші жағынан, қайтадан кристалдану және түзілімдер қалыптасу процестерімен сипатталатын тектонобластикалық немесе өзгерген тау жынысы. Сөз болған өте күрделі процестер жиынтығы нәтижесінде уатылмалы жыныстарға тән милонитті кұрылымдар осы жыныстардың түгелімен қайта кристалдану процесіне ұшырағандығын дәлелдейтін бластомилонитті құрылымдарға ауысады.<ref>Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}