Биғали Әбдікерұлы Қайыпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Биғали Әбдікерұлы Қайыпов (16.7.1951 жылы туған, Арал қаласы) – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты.

Қызылорда педагогика институтының (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филология факультетін, Алматы халық шаруашылық институтының жоспарлау-экономика факультетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1968 – 69 жылдары ауылдық мектепте мұғалім болып бастады. Облыстық, республикалық комсомол комитеттерінде бөлім меңгерушісі, хатшы, Қазақстан Компартиясы ОК-нда нұсқаушы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының көмекшісі болып істеді. 1985 – 95 жылдары Сырдария аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Арал аудандық партия комитеттінің 1-хатшысы, аудандық Кеңестің төрағасы, Арал ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 1995 – 99 жылдары ҚР Парламенті сенатының депутаты, 1999 – 2001 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, 2001 жылдан Республиканың мұнай өндірісі саласында басшылық қызметте.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}