Бисен Жұмағалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Бисен Жұмағалиев (1922 жыл 22 желтоқсан, Батыс Қазақстан облысы, Сайқұдық ауылы - 2015 жыл 30 маусым, Орал) - белгілі журналист. Ұлы Отан соығының ардагері, еңбек ардагері. Қоғам қайраткері.

Еңбек жолы

1940 жылы педагогикалық училищені, 1951 жылы Орал медициналық институтын. 1960 жылы СОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін, 1964 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасын бітіріпген. Ауыл мектебінде мұғалім ретінде еңбек жолын бастаған ол 1942 жылы қаңтарда майданға аттанып, 13-дивизия құрамында соғысып, Ленинградты азат етуге қатысады. Кейін Ленинград әскери - саяси училищесінде оқып, қазақ тілінде шығатын «Отанды қорғауға» атты майдандық газетте қызмет істейді. Майданнан оралған соң 1945 - 1955 жылдары БҚО «Екпінді құрылыс» газетінің редакторы, Фурманов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы (1955 - 1958) болды. 1960 - 85 жылдары Орал және Көкшетау облыстық партия комитеттерінің хатшысы. 1985 жылы зейнет демалысына шыққан соң Көкшетау қаласындағы Куйбышев атындағы мемориалдық музейдің директоры. Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің ерліктері, Ленинград қорғаушылары туралы «Степные зари Приуралья», «Обновленная степь», «10 лет с М.Шолоховым» атты кітаптар жазған.

Марапаттары

  • "Жеңіс" Ордені;
  • "Отан соғысы" Ордені;
  • "Қызыл жұлдыз" Ордені;
  • 3 мәрте "Еңбек Қызыл Ту" Ордені;
  • 2 мәрте "Құрмет белгсі" Ордені;
  • Қазақстанның "Құрмет" Ордені және басқада көптеген медалдармен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер