Биогерм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Биогерм (грек, герма – шошақ). Отырықшы бентостар, яки су қоймалары түбіне жабыса өсетін, құрамынан ізбес (СаО) бөліп шығаруға қабілеті бар кейбір организмдер (маржандар, мшанкалар, губкалар, құрттар, фораминиферлер сияқты жәндік түрлері, әйтпесе көкжасыл және қанқызыл балдырлар) есебінен қалыптасатын тау жыныстарының шоғыры.<ref>Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>

Негізінен ізбестастардан тұратын бұл шоғырларды түзетін организмдер қаңқасы өзінің тірі кездегі қалпын сақтай отырып, бір-бірімен астаса өріледі. Биогерм шоғырларының биіктігі бірнеше см-ден бірнеше жүздеген м-ге, ал көлденең бірнеше км-ге жетуі мүмкін (организмдер бірлестігі ұзақ уақыт бойына тіршілік еткен жағдайда). Биогермдер рифтер құрамына кіреді, олар теңіздер (мұхиттар) өндрінде де, тұщы сулы айдындар түбінде де (сирегірек) кездесуі мүмкін.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}