Биогеобірлестік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Биогеобірлестік. Нақтылы аймақты қамтитын, өзінің геологиялық құрылыс, топырақ және су режимі, микроклиматы, өсімдіктер, жан-жануарлар және микроорганизмдер әлемі тұрғысынан анық ерекшеленетін бірлестікті білдіретін ұғым. Бұл бірлестікке кіретін әрбір элементтің тіршілік-тынысы мен болмыс-бітімі қалғандарына тікелей тәуелді, яғни олардың біреуінің ғана белгілі бір өзгерістерге ұшырауы бүкіл бірлестік сипатының танымастай өзгеруіне әкеліп соқтыруы мүмкін.<ref>Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}